Жоғалып кеткен қызылқоғалық азамат табылды

20190405204740 Жаңалықтар

Өріске мал айдап кеткен атыраулық азамат жоғалып кеткен болатын.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Мейірім Ердәулет оның аман-есен табылғанын жеткізді.

«Қызылқоға ауданында 10 наурызда сағат 9:00 шамасында 62 жастағы ер адам жоғалған еді. Сол күні «Есен» шаруа қожалығының малшысы өріске ірі қара айдап шыққан. Кейін ол хабар-ошарсыз кеткен. Бұған сол күні аталған ауданда қалың қар жауып, екпіні қатты желдің соғуы себеп болған. Бұл туралы аталған шаруа қожалығынан Мұқыр ауылдық округіндегі учаскелік полиция инспекторына хабар түскен. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Қайнармұнайгаз» басқармасының көмегімен жоғалған ер адамды іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 11 наурызда таңғы сағат 03:30 шамасында жоғалған ер адам шаруа қожалығы орналасқан учаскеден 15 шақырым қашықтықтағы Сағыз өзенінің жағасынан аман-есен табылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз