Жарнама
Құқық

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Полиция күнімен құттықтады

Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тыныштық күзеті – қоғамдағытәртіп пен тұрақтылықтың, заң мен болашаққа деген сенімнің кепілі.

Сіздерге тұрғындардыңконституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, өңіріміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда үлкен жауапкершілік жүктелген.
Қазақстан полициясы қатарында лайықты да абыройлы қызмет атқарып, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлестікте азаматтардың құқықтары мен мүдделерін берік қорғап келесіздер.
Саланың ақбас ардагерлеріне жас ұрпаққа ғибратты өнеге көрсеткендері үшін қашанда ел ризашылығы шексіз,алдыңғы толқын ағалармен арада алтынкөпір қалыптасқан.
Бұл мерекеде тосын тәуекелдерге және әртүрлі ауыртпалықтарға жиі душар болғандарына қарамастан, өз қасиетті борышын мінсіз атқарған және орындап жүрген тәртіп сақшыларын айрықша атап өтеміз.
Батыл жүрек пен төзімді қайрат серіктеріңіз болсын.
Серт еткен Антқа адал болып, ел қорғаны деген биік атақты әрқашан асқақ рухпен, алаулаған намыспен алып жүрулеріңізге тілекшімін!

Атырау облысының әкімі  С.Шәпкенов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button