Мүгедектігі бар адамдар прокуратураның қорғауында
Мүгедектігі бар адамдарды қорғау кез келген мемлекеттік органның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Дегенмен, кейбір органдардың өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы салдарынан осал топ мүшелерінің құқықтарына нұқсан келтіруде.
Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға қамқоршылық тағайындау жөніндегі сот шешімі шыққандығына қарамастан уәкілетті органдарға жолданбайтыны, жолданған жағдайда да уәкілетті орган тарапынан 1 жылдан астам қорғаншылық тағайындалмайтыны анықталды.
Аталған заңсыздықтан 87 мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бұзылған.
Бұл заңсыз тәжірибені жою бағытында Атырау қаласы прокуратурасының ұсынуымен жауапты тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, мүгедектігі бар адамдар қорғаншылықпен қамтамасыз етілді.
Сол сияқты прокуратура органдарының алынған шараларымен 220 мүгедектігі бар тұлғалар дәрілік затпен қамтамасыз етілсе, 10 тұлғаға мемлекеттік қызметтер үшін заңсыз ұсталған қаражаттары қайтарылды.