
Көліктегі тәртіп: заң бұзған – жазаланады
Әкімшілік полиция басқармасымен көлік объектілерінде орын алатын жазатайым оқиғаларға, жедел тежеулерге, қоғамдық орындарда, оның ішінде жолаушылар пойыздарында жасалған қылмыстарға, желілік бөліністерімен жүргізілетін профилактикалық іс-шараларына күнделікті талдау жүргізіледі.
Жүргізілген талдау, көлік объектілерінде жыл басынан бері жануарлардың, тұлғалардың темір жолда жүру ережелерін бұзу салдарынан жылжымалы құрамның 877 жедел тежеу фактелері орын алды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті бойынша жылжымалы құраммен азаматтарды басып кетудің 40 фактісі тіркелді, соның салдарынан 20 фактісі бойынша азаматтар оқиға орнында қаза болды.
Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті бойынша қоғамдық орындарда 123 қылмыс, бұрын сотты болғандармен 51 қылмыс, есірткі және алкогольдік масаң күйінде 58 қылмыс, топпен 60 қылмысқа жол берілді.
Құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Көліктегі полиция департаменті Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2025 жылғы 16-25 шілде аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ескертеді:
- Жолаушылар пойыздарында жол жүру кезінде, өздеріңіздің ұялы телефондарыңызға және басқада құнды заттарыңызға сақ болуға;
- Пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге, пойыз толық тоқтаған кезде түсуге;
- Теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеуге;
- Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды;
- Теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауға;
- Келе жатқан поезд алдынан жүгіріп өтпеуге;
- «Теміржол – қауіпті аймақ» екенін есте сақтауға;
- Жолаушылар пойызының жол жүруі кезінде тәртіп бұзушылықтың, қылмыс пен оқиғалардың әрбір фактісі туралы көлік полициясы қызметкерлерін хабардар етуге.
Сондай-ақ, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігін ескертеді.
Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.