Жарнама
Құқық

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

Мемлекеттің қауіпсіздігін көздің қарашығындай қорғау қырағы шекарашыларға жүктелген. Осы орайда Атыраудағы шекара қызметі көктемгі әскерге шақыру науқанына байланысты үміткерлерді іріктеуді бастап кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасы, кадр бөлімінің офицері Зарина Карина мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалғанын айтты.

–Шекара қызметінде еңбек ететін жастар (18-30 жас аралығындағы азаматтар) ең алдымен үш жылға келісімшартқа отырады. Содан кейін ұзақ мерзімге екі жақты келісім бойынша өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік қарастырылған. Мұнда әскери қызметкерлер үшін жалақыдан бөлек, қосымша төлемдер беріледі. Мәселен, әскери қызметкерлер келісімшартқа отырған сәттен бастап оларға арнайы есепшот ашылып, тұрғын үй үшін қаржы бөлінеді. Ал қызметкердің отбасылары жалдамалы пәтерде тұрған жағдайда пәтер төлемін шекара қызметі толықтай өз мойнына алады. Айта кетейін, былтыр мерзімді әскери қызметін өтеген 50 сарбаз шекара шебінде келісімшарт бойынша қызметін жалғастырды, — деген Зарина Жексенбайқызы әлеуметтік қолдаудың тиімділігіне басымдық берді.

Сондай-ақ запастағы офицерлер де келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасы, кадр бөлімінің жауапты орындаушысы Әсемгүл Ақтаева түсіндірді.

– Қорғаныс саласына медициналық, байланыс және ақпараттық технологиялар, психологтар, тілшілер қажет. Ниет еткен офицердің жасы мен денсаулығысай келсе, әскери-нормативтік талаптардан мүдірмей өтсе, оның шекарашы атануға толық мүмкіндігі бар.Әскери қызметшілер баспанамен, арнайы төлемдермен қамтамасыз етіледі, — деді спикер.

Бүгінгі күні мектеп түлектері шекарашы офицері болу үшін Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына іріктеуден өте алады.

– ҰҚК Шекара академиясына жоғары оқу орындарына тапсыру үшін үміткерлер әскери қызмет өткермеген және 17 жасқа толған болуы керек. Оқуғатүсуге кандидаттарды іріктеу бірнеше кезең бойыншажүргізіледі. Атап айтқанда, медициналықкуәләндырудан өту, дене шынықтыру дайындығыдеңгейін зерделеу, кәсіби жарамдылығын тексеру жәнепсихологиялық сынақтардан өтеді. Жоғары оқуорындарын бітірген курсанттарға «лейтенант» атағыберіліп, ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріндежұмыспен қамтылады, — деді Ә.Ақтаева.

Сонымен, шекарашылар қатарына қосылғысы келген әр азамат Атырау қаласындағы Жалаңтөс батыр көшесі, 21 мекенжайына хабарласауға болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button