Жарнама
Құқық

«Kiki Challenge» флешмобына қатысқандар жауапқа тартылады

«Kiki Challenge» флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20180727172052

Соңғы кездері ғаламторда «Kiki Challenge» флешмобы кең тарап кетті. Оған қатысушылар жүріп бара жатқан автокөліктен түсіп, билейді және қайтадан көлік құралына отырады. Алайда, бұл челленджге қатысушылар іс-әрекеттерінің заңнамаға қайшы екенін түсінуі тиіс.

Жол-қозғалыс ережелерінің жаппай бұзылуына жол бермеу мақсатында ІІД қызметкерлері «Kiki Challenge» қатысушыларын жолдарда немесе әлеуметтік желілерде анықтаған жағдайда жауапкершілікке тартылатындарын ескертеді.

—  Жол қозғалысы ережесінің 2 тарауы 1 тармағы 3 тармақшасы және 22 тарауының 5 тармағында көрсетілген талаптардың бұзылуына сәйкес аталған флешмобқа қатысушылар ӘҚБтК-нің 593, 615, 606, 620 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады, — делінген хабарламада.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button