Жарнама
ҚоғамҚұқық

Әкесі өзіне тіл тигізген ұлына кешірім берді

Атырауда әкесі тіл тигізген азаматқа байланысты көтерілген дау бейбіт жолмен шешілді.

70791673_16

Нақтырақ айтқанда, Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады. «Биыл қазан айында азамат Г. өз үйінде алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде өзімен бірге тұратын әкесі У.-ды балағаттаған. Жәбір көрген әке ішкі істер бөліміне арызданған. Алайда сотта жәбірленуші У. ұлының өзінен кешірім сұрағанын айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұрап, сотқа жазбаша арызы мен келісімді ұсынды. Сот қаулысымен әкімшілік іс аталған кодекстің 64-бабына сәйкес, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button