Жарнама
Құқық

Халықаралық сенім — отандық реформалардың нәтижесі

Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенциясына қосылуы – еліміздің құқықтық жүйесі үшін тарихи маңызға ие қадам. Бұл – ұзақ жылғы табанды еңбектің, халықаралық серіктестікке бағытталған реформалардың жемісі. Кезінде құқық қорғау саласында қызмет еткен маман ретінде айтарым, мұндай келісімдер Қазақстанның заң үстемдігін нығайтудағы ұмтылысын айқын көрсетеді.


Бас прокуратураның бастамасымен жүргізілген бұл жұмыс – халықаралық қауымдастықтың елімізге деген сенімін арттырып қана қоймай, нақты істер арқылы әділдікке қол жеткізуге жол ашады. Заңсыз жолмен шетел асқан активтерді қайтару, трансшекаралық қылмыстарға тосқауыл қою сияқты мәселелерде енді бізде тікелей құқықтық тетік бар. Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген мемлекет ретінде Қазақстанның жаһандық құқықтық кеңістікке кірігуінің бір көрінісі.

Әйкен ҚҰМҒАНБАЕВА,
прокуратура органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button