Жарнама
Құқық

Ескі сарай қайта жөнделеді

Жуырда мемлекеттік сатып алу порталында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына жаңғырту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға ашық байқау жарияланды.

Жеңімпазы қазанның ортасында анықталады. Содан соң ғылыми жоба жасақталып, соның негізінде құрылыс-қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізетін компанияны анықтауға конкурс жарияланбақ.

1948 жылы іргетасы қаланған мәдениет сарайына содан бері күрделі жөндеу жасалмаған. Тек 2001-2002 жылдары қосымша әктеп-сырланыпты.

Биыл бюджеттен бөлінген 449 миллион 700 мың теңгеге жалпы жөндеу жұмыстары, атап айтқанда, жылу және желдету жүйелері, су мен кәріз құбырлары жаңартылады. Тендерді «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған. Алайда, құрылыс басталған кезде прокуратура тексеру жүргізіп, аталған компанияның мемлекеттік тапсырысты заңсыз алғанын және арнайы рұқсаты болмағанын анықтады. Прокурорлар тапсырыс келісім-шартының күшін жойды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Бұл жайтқа қатысты қалалық әкімдіктің өз айтары бар.

– «Азамат құрылыс» ЖШС тендерге қатысқан кезде құрылыс-қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге лицензия болуы тиіс деген шарт болған жоқ еді, — дейді қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button