Жарнама
Құқық

Есірткі сатып есіргендер ұсталды

Атырау облысы аумағында 8-12 шілде аралығында екі кезеңнен тұратын  республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Рейд барысында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар тексерілді. Нәтижесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымына қатысты ережелерді сақтамағаны үшін 10 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 7 тонна 840 келі прекурсорлар мен 751 дана есірткі, психотроптық дәрілік препараттар тәркіленді.

3d331e7b 472b 4f4c bb1d c4d65bf9e8d4

Сонымен қатар, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен 3 қылмыстық іс анықталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторынақамауға алынды. Олардан барлығы шамамен 529 грамм синтетикалық есірткілер тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде рұқсатсыз сатуға тыйым салынған препараттар анықталып, тәркіленді.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button