Жарнама
Құқық

Елімізде «Бала қауіпсіздігі» челленджі басталды

Акция «Қазақстан балалары» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы челлендж балалар мен ата-аналардың қауіпсіз мінез-құлық мәселелері мен патриоттық тәрбиенің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған, — деп хабарлайды республика Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қауіпсіздік пен патриотизм мәдениетін арттыру әркімнің ерте жастан бастап белсенді қатысуын білдіреді. Бұл мәселеде отбасы шешуші рөл атқарады.

Акцияны Қостанай облысының ТЖД бастап, эстафетаны Шығыс Қазақстанның әріптестеріне жолдады. Сол жерден челленджді Батыс Қазақстан облысының ТЖД жалғастырды.

Одан кейін кезекте Астана қаласының ТЖД, келесі кезекте Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Алматы, Абай, Шымкент қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарының әріптестері алады. Ақмола облысының ТЖД эстафетасын аяқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖМ балаларды қорғау күнін ауқымды мерекелеудің республикалық онкүндігіне қатысады. ТЖМ іс-шаралары 29 мамырда «Балалар қауіпсіздігі — басты назарда!» ұранымен өткізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button