Деструктивті діни ағым өкілі 4 жылға сотталды

photo 231698 Құқық

Атырауда 22 жастағы ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Тұрғын қала аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығының ғимаратының пластикалық терезесі арқылы ішіне заңсыз кіріп, мүліктерді қолды қылған. Атап айтсақ, жанар-жағармай өлшейтін манометр құрылғысы салынған чемодан, екі түрлі кілттер жиынтығы салынған чемодандарын және болгарка құралын ұрлап, оқиға болған жерден қашып кеткен.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Одан бөлек, ер адам бұрын да сотталған болып шықты.

Қазіргі уақытта 22 жастағы тұрғынға 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз