Жарнама
Құқық

Браконьерлік бәсеңдемей тұр

Өткен жылы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 2 237 дерегі тіркелді.
​Соның ішінде қоры азайған, жоғалып кету қаупінде тұрған балық түрлеріне заңсыз қол сұғушылық фактілеріне, яғни заң талаптарын өрескел бұзушылыққа қатысты 141 іс қозғалып, хаттама толтырылды
.

Жинақталған материалдар шешім алу үшін сотқа жолданды. Осыдан қылмыстық жазаға тартылуы ықтимал 13 тұлғаның үстінен көтерілген іс қағаздары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. ​
​Есепті мерзімде заңсыз балық аулаумен айналысқандарға салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 29,2 млн. теңгені құрады. Мұның 25,4 млн. теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Қалғаны мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға жіберілді. Барлығы 29 субъектінің табиғат қорғау заңдылығын бұзып, балық қорына 6,8 млн. теңгеге жуық залал келтіргені анықталды.
​Айта кету керек, осы кезеңде жүзеге асырылған жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жалпы салмағы заңсыз жолмен ауланған 4,6 тоннадан астам «су маржаны», оның ішінде 383 килограмм бекіре тұқымдас балық, рұқсатсыз пайдаланылған 2 807 бірлік балық аулау құралы мен 97 су көлігі тәркіленді.
​Жыл ішінде бөлініп қалған су айдындарынан Атырау облысында 104,5 млн, Батыс Қазақстан облысында 26,3 млн. балық шабағы құтқарылды. Қорыта айтқанда, жылдан жылға браконьерліктің бәсеңдемей тұрғаны байқалуда.

Олег ТУШКАНОВ,
«Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының ресми өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button