Жарнама
Құқық

Республика күні – тарихи қадамның символы


Республика ұғымын есіме алғанда ойыма өзіміз тыныштығын күзетіп жүрген туған жеріміз келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы болуы керек екенін айтқан болатын. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен кейін кіндік қаны тамған жерін Отан дейді. Отан қорғау жолында өзім басшылық етіп отырған 5546 әскери бөлімінің жеке құрамында мінсіз қызмет атқарып жүргенін айтқым келеді.

Әскери бөлім жеке құрамының алдына қойылған тапсырмалар тікелей отансүйгіштікке баулиды. Әскери бөлім Атырау қаласындағы ішкі тәртіпті абыроймен сақтап, түзеу мекемелерін міз бақпай күзетіп келеді.
Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, махаббат болады. Алыс жолға сапарлап туған жеріне оралғанда саған оның тауы да, тасы да ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу екені анық.

Ерлан ИПАТОВ,
ҚР ҰҰ 5546 әскери бөлімінің командирі, подполковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button