Жарнама
Құқық

Билік айту оңай, Біліп айту қиын…

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заңның үстемдігіне басым маңыз берілген. Сондықтан, сот саласындағы жаңалықтар, тың өзгерістер облыстық «Атырау» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің негізгі арқауына айналды. Оған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Тәтті Уәлиева, облыстық соттар әкімшілігінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева, әкімшілік соттың төрағасы Жасұлан Жақсылық, тергеу судьясы Гауһар Ибрашева, облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Омарова, облыс прокурорының көмекшісі Нұрсұлтан Саппаев, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Бекарыс Нәутиев қатысты.


 

Басқосуды газеттің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов ашып, жүргізіп отырды.

Сот жүйесін оңтайландыру – бүгінгі күн талабы

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ, облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы:

– Ұлт жоспарындағы ең басты мәселенің бірі – сот жүйесіндегі реформаларды жандандыру, оңтайландыру. Соттың ашықтығын, оған деген халықтың сенімін қалыптастыру. Осыған байланысты басты жаңалық – бұрынғы бес сатылы сот жүйесі үш сатылы жүйеге көшкендігі. Ендеше, әңгімені «жаңа жүйенің ерекшелігі қандай, артықшылығы неде?» деген сауалдан бастасақ…

Тәтті УӘЛИЕВА, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы:

– Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге баса мән берілген. Себебі, ел экономикасы құқықтық жүйесіз дамымайды. Сондықтан, азаматтардың мүдделерін қорғайтын, заңның орындалуын қамтамасыз ететін әділ соттың қажеттілігі туындады. Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз ету 18-қадамда көрсетілген. Соның басым көпшілігі сот саласына қатысты. 16-қадам сот саласын оңтайландыруға арналған.

Бұған дейін бес сатылы сот жүйесі болатын. Мұнда бірінші сатыдан соңғы сатыға жеткенше адамдар істің соңында жүріп, әуре-сарсаңға түсетін. Ал, биылғы жаңашылдық негізінде сот үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) жүйеге көшірілді. Бұл адамдардың заңды мүдделерін уақытылы қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Сот жүйесінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар қазіргі күні ең көп істерді қарап отыр. Себебі, заңдылықтарға сай, кейбір істер бойынша соңғы нүктені апелляциялық сот қарап, шешім шығарады.

– Бұрын бірінші, екінші инстанция деген сот сатылары қалай жіктелді?

 

 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button