Жарнама
Құқық

Бейнеттің зейнетін көру – бір бақыт

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет атқару – әр ер азамат үшін үлкен мәртебе. Ал сол қызметтен зейнетке шығып, бейнетінің зейнетінің көру – биік белестердің бірі. Еңбегі еленіп, бейнеті бағаланған азамат, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінде қызмет атқарып зейнетке шыққан сержант Бақытжан Нәлібаев.

Бақытжан Аралбекұлы өз кезегінде біршама лауазымды қызметте еңбек етті. Еңбек жолының соңғы жылдары әскери бөлімнің байланыс торабында бөлініс бастығы лауазымдық қызметін абыроймен атқарды.

Әскери байланыс торабы – маңызы мен жауапкершілігі мол қызмет. «Байланыс»  жауынгерлік тапсырмаларды сапалы, нәтижелі орындаудағы маңызды рөл атқаратын элемент десек дұрыс болар. Әскери бөлімнің командирі, офицерлері мен сержанттары, сарбаздар сержант Бақытжан Нәлібаевты зейнетке шығумен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.  

5546 әскери бөлімінің  командирі полковник Ерлан Ипатов  әскери бөлімнің жауынгерлік тапсырмаларды нәтижелі орындауына сержант Бақытжан Нәлібаевтың үлкен үлесі бар екенін және «қаралы қаңтар»  оқиғасында, кешегі «су тасқынының алдын алу»  кезінде мүлтіксіз қызмет еткенін атап өтті. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінен төсбелгі де табысталғанын айтып, жас ұрпаққа үлгі боларлықтай әскери тәртіпті өмірлік ұстанымына айналдырған осындай әскери қызметшіге  ұзақ жылғы бейнеттің зейнетін көруді, сол үшін мықты денсаулық тіледі.  

Абзал НУРИДИН,

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, лейтенант

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button