Жарнама
Құқық

Басты басымдық – халықтың өзекті мәселесін шешу

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бойынша брифинг өткізді.

Карта процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне және т.б. байланысты шешімін таппайтын өңірдегі проблемаларды ескере отырып әзірленген.
Негізгі басымдық халықтың өзекті мәселелерін шешу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Атырау облысының картасына 9 проблемалық мәселе енгізілген: экология, олигополия, жолдар мен
инфрақұрылым, медицина, бизнесті қорғау, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй, агроөнеркәсіптік кешен, жылу электр станциялары және ұзақ құрылыс нысандары. І жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының осы салалары бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, мысалы:
Денсаулық сақтау саласында медициналық мекемелердің директорларымен жоғары оқу орындарында өз оқуына жұмсалған 10,5 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты қайтарылды.
Әлеуметтік салада «өлі жандар» 2 603 482 теңге бюджет қаражатын, сондай-ақ белгіленген жалақыдан 64 млн. теңгеден астам қаражатты аудару фактілері анықталды. Бұдан басқа, мүгедектікті белгілеу және ұзарту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді.
Жолдар саласында бірқатар қоғамдық мониторингтер жүргізілді және 50-ден астам бұзушылықтар анықталды, оларды мердігер компаниялар осы уақытқа дейін жойған жоқ.
Ұзақ құрылыс нысандарын сүйемелдеуге алынды және Мақат ауданында 60 пәтерлі 3 қабатты үйдің құрылысы қайта жанданды.
Экология саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.
Тек тәуекел картасымен шектелмей, өзге де салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, спорт саласында «Мұз айдыны» ғимараты мемлекет балансына қайтарылды. Қазіргі уақытта мемлекетке 500 млн. теңге көлемінде жоғалған пайданы қайтаруға қатысты сот талқылауы жүргізілуде.
«Бизнеске жол» жобасы аясында 1 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Алдағы кезеңге арналған міндеттер бірінші жартыжылдықта қамтылмаған салаларға баса назар аудара отырып, өңірдің тәуекелдер картасы бойынша жұмыс айқындалды.

Сурет halyq-uni.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button