Атырауда түнгі уақытта авто жарыс ұйымдастырған 2 жүргізуші анықталды

aaaa Құқық

4 мамыр күні сағат 03:20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Әбілхайыр Хан даңғылының бойында авто жарыс ұйымдастырған Toyota Camry маркалы және Ресей елінен әкелінген Kia Optima автокөліктерінің 1998 ж.т., жүргізушілері анықталды.

Екі жүргізуші де көлікпен қызық үшін жарысып көргенін айтып, өз кінәларын толықтай мойындады. Toyota Camry автокөлігінің жүргузушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабы ның 3 бөлігімен (басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әуеп соққан, көлік құралдарын жолдын жүріу бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидатын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал, Kia Optima автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабы ның 3 бөлігімен (басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидатын бұзу,ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлігімен (желқағар әйнегінде жарығы бар көлік құралын басқару) және осы баптың (көлік құралының медициналық қобдишасы және өрт сөндіргіш құралы жок) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған Kia Optima автокөлігінің VIN код белгілері мен көлік құралын тіркеу куәлігі белгілері сәйкес келмейтіндігі анықталып, ары қарай тексеру үшін жедел тергеу тобына тапсырылды,-деді Партульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Нұрлан Сарсенбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз