Жарнама
Құқық

Балаусада тұратын туысынан 5 млн теңге ұрлаған

Атырауда туысының 11 мың АҚШ долларын ұрлаған күдікті ұсталды.

Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, 26 жастағы күдікті Атырау қаласы Балауса ықшамауданында тұратын туысының қаражатын жымқырған. Ол 58 жастағы туысына тиесілі 30 мың АҚШ доллар ақшасын көріп, сол ақшаның ішінен 11 мың АҚШ долларын ұрлап алған. Анықталғандай, күдікті 8 мың АҚШ долларын үй ішіндегі әжетханаға тығып, ал 3 мың АҚШ долларын алып, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен. Күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған​ дерек​ бойынша​ ҚР ​ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге​ ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға​ жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button