Жарнама
ҚұқықҚоғам

Баланың құқығы қалай қорғалады?

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында жетім және ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды. Жиынға Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей бейнебайланыс желісі арқылы қатысты.

– Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот жүйесіне жаңа реформалар керектігін өмір көрсетіп отыр. Осы
орайда Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бала саудасына қарсы күрес және кәмелетке
толмағандардың құқықтарын қорғауды арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеген болатын. Қазір Атырау облысының прокуратурасы сол жоспармен жұмыс жасап жатыр,
— деді Бақытгүл Қайыржанқызы.

Алқалы басқосуда аялы алақанға зәру балаларды есепке қоюды қатаң бақылау, оларды асырап алудағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бағытын Атырау
облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов баяндады.

– М е м л е к е т б а с ш ы с ы Б а с прокуратураға балаларды сату схемаларының жолын кесуді тапсырған
болатын. Бұл мәселе бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Оның барысында республикалық деректер базасы (РДБ) жүйесіне балаларға қатысты мәліметтердің уақытылы енгізілуіне байланысты заң бұзушылықтар бар екені анықталды. Атап айтқанда, 2 бала заңды асырап алуға үміткерлерден жасырылса,
43 баланың мүліктері жасырылып, деректер базасына толықтай енгізілмеген. Сондай-ақ 190 бала өзге үміткерлердің қамқорлығына берілгеніне қарамастан РДБ жүйесінен шығарылмаған,
— деді Б.Жұмақанов.

Аталған мәселеге байланысты прокуратура өкілі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға бейнебайланыс арқылы ұсынысын жолдады. Бүгінде бала құқығын қорғайтын маманға арнайы штат ашып, заң бұзушылықтың алдын алатын интеграцияланған ақпараттық жүйені қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты пікір білдірген Балалар омбудсмені Аружан Саин жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Сондай-ақ, нақты ұсыныстар негізінде мемлекет басшысына хат жолдап, өзекті мәселенің оң шешілетініне сенім артты.

Жиынға Атырау облысы кәмелетке т о л м а ғ а н д а р і с т е р і ж ө н і н д е г і мамандандырылған ауданарлық
сотының судьясы Ғизатолла Отарұлы отбасылық сот құрудың заман талабы екенін түсіндірді. Бұл психологтардың, әлеуметтік қызметкерлер, медиаторлар, заңгерлердің бірлесіп жұмыс атқаруына, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
К о м и с с и я о т ы р ы с ы н қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова кемшілік жіберген мамандардан жауапкершілік сұралатынын ескертті.

Сондай-ақ, қалалық, аудандық білім бөлімдеріне және облыстық прокуратура ұсынысымен денсаулық сақтау
басқармасына бірқатар тапсырма берді.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button