Құқық
Бағаны негізсіз көтергендер жазаланды
Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтергені үшін екі кәсіпкерлік нысанды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің белгіленген тармағына сәйкес жауапқа тартылды.
–Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады, — деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уалиев.