Жарнама
Құқық

АЖЫРАСУДЫҢ ЗАРДАБЫН БАЛА ТАРТАДЫ

Статистика мәліметтеріне сүйінсек, қазіргі кезде әрбір бесінші неке ерлі-зайыптылардың ажырасуымен аяқталады екен. Ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы кей жағдайларда балаларына да моральдық жағынан ауыр тиетіні сөзсіз. Себебі, ерлі-зайыптылар ажырасып қана қоймай, кей кездері олар бала тәрбиесіне, мүлікке қатысты сұрақтарды шешуде өзара келісімге келе алмай, оның арты дауға ұласып, қайта-қайта сотқа жүгініп жатады.
Айта кететін жайт, «Соттардың некені бұзу туралы істерді қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір №5 қаулысы талабына сәйкес, ажырасатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының мүддесі мен құқығын қорғау мақсатында сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін баланың кіммен тұратындығы туралы, оларды асырауға арналған қаражатты төлеу тәртібі және оның мөлшері туралы, оларды асырауға арналған қаражатты төлеу тәртібі және оның мөлшері туралы келісімге үлкендердің келген-келмегенін анықтайды. Сондай-ақ, сот балалардан бөлек тұратын ата-ана балаларды тәрбиелеуге қатысуға міндетті және олармен араласуға құқықты екенін, ал, екінші ата-ана бұған кедергі жасауға құқығы жоқ екенін түсіндіреді.
Алайда, соттың балаға қатысты ұсынысын ажырасқан ерлі зайыптылардың барлығы дұрыс қабылдай бермейді. Кейбір ата-аналар баланың кіммен тұратындығы, бөлек тұратын ата-ананың араласуы туралы бір келісімге келе алмай жатады. Сөйтіп, олар балалар тәрбиесіне қатысты қандай даулар сот қарауына жататын болса, сонша талап арыз беріп, бірнеше жылдар бойы бір-бірімен дауласып, шешімге келе алмай жатады.
Сот тәжірибесінде көп жағдайларда баласынан бөлек тұратын әке баламен араласу құқығын қорғау үшін сотқа жүгініп жатады. Ал, бір іс бойынша 2002 жылы туған қызымен араласу тәртібін анықтау туралы талап арызды анасы берген. Бала әкесімен тұрады. Анасы ата-аналық құқығынан айырылмаған, осыған қарамастан анасының қызымен араласуына әкесі кедергі жасап, тыйым салған. Жоғарыда аталған іс бойынша сот отырысында баланың әкесі өзінің қарсылығын «бала анасымен араласқысы келмейді» деп түсіндіріп, баланың пікірін сұрау үшін шақыру туралы өтінім жасады. Сотта бала анасымен араласқысы келмейтіндігін айтты. Бірақ, сот даулы іс бойынша баланың пікірі оның мүддесіне қайшы келеді деп ескерген жоқ. Себебі, бала ата-анасының арасындағы жанжал, ерегістен, өз анасымен араласуға бата алмайтыны – түсінікті жағдай. Негізінен, сот бала анасына сезімін жасырды, ананың қамқорлығын қажет етеді және шын мәнінде онымен араласуға қарсы емес деген тұжырым жасады.
Сұрау жөні баланың жасы мен оның өсіп-жетілуі ескеріліп, ұстаздың қатысуымен, оған мүдделі адамдардың ықпалын тигізбейтіндей жағдайда жүргізіледі. Бұндайда, баланың пікіріне ата-анасының біреуінің немесе басқа мүдделі адамдардың ықпалы болған-болмағандығын, осы пікірін білдіргенде өз ықыласын жете түсінгендігін және оны ол қалай негіздейтінін анықтау керек.

Э.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
Құрманғазы аудандық сотының

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button