Жарнама
Құқық

Азаматтық борышты өтеу – парыз

Атырау облысында Ұлттық Ұланға қарасты №5546 әскери бөлімінің аға маман бақылаушысы Абылай Бисенов те тарихи маңызды сәтте өз таңдауын жасаудан тыс қалған жоқ. Ол №35 Хамит Ерғалиев атындағы орта мектебінде орналасқан №26 референдум учаскесіне тіркелген.

– Бұл менің азаматтық борышым. Әрбір адам отансүйгіштігін осындай маңызды сәттерде көрсетуі керек, – дейді ол.
Абылайдың айтуынша, референдум – әр азаматтың өз пікірін білдіруге, елдің болашағына әсер етуге мүмкіндік беретін маңызды шара. Осы арқылы біз елдің энергия тұтынуға деген мүмкіндігін барынша айқындаймыз. Мемлекет басшысы халыққа осындай жағдай жасап отырғанын толық сезініп, референдумның ел үшін маңыздылығын атап өтті.
– Тарихи сәтте өз дауысыңды беру – өз еліңе, жеріңе деген құрмет. Менің ойымша, әр азамат өз таңдауы арқылы елдің дамуында роль атқарады, – деп қорытындылады ол.
Абылайдың бұл пікірі – азаматтық жауапкершіліктің, отаншылдықтың және ел болашағына деген сенімнің жарқын үлгісі.
Айта кетейік, үйден дауыс беруге өтініш түскі сағат 12:00-ге дейін қабылданады екен.
Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button