Жарнама
Құқық

Азаматтардың мүддесі қорғалды

         ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті азаматтардың бұзылған мүдделерін қалпына келтіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар атқарады.

         Осыған орай, жыл басынан бастап Департаментпен 9 мемлекеттік қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді.

         Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың құқығын қалпына келтіру деректерінің басым бөлігі сәулет және қала құрылысы саласы бойынша орын алған. Атап айтқанда, Департаментпен «Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну»  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі негізсіз екендігі анықталып, қызмет көрсетушіге әкімшілік хаттама толтырылып, қызмет алушыға сәулет-жоспарлау тапсырмалары берілді.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен келген автокөліктерді заңдастыру үшін мемлекеттік қызмет алу кезінде автокөлігін 2 айға жуық уақыт бойына мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыра алмай Департаментке жүгінген.

Департаменттің тиісті жедел әрекет ету нәтижесінде, ішкі істер органдар тарапынан қажетті шаралар қабылданып, азамат көлігін заңдастырды.

Бұзылған құқықты қалпына келтірудің тағы бір мысалы ретінде, қызмет алушы «Аз қамтылған отбасы (толық емес отбасы)» санаты бойынша тұрғын үй алу кезегінен заңсыз шығарып тастау дерегімен Департаментке жүгінгендігін атап өту керек.

Мәселені зерделей келе, мемлекеттік органның қателігінен азамат кезектен заңсыз шығып кеткендігі анықталды. Департаменттің тиісті әрекет ету нәтижесінде, kezekte.kz ақпараттық жүйесіндегі кезектілікті түзету туралы уәкілетті органға хат жолданып, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің материалы негізінде дайындалды.

Фото: pixabay.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button