Құқық
Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Атырауда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 11:30 шамасында 59 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан тұрғынды қағып кетті. 34 жастағы зардап шегуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта қажетті құжаттар жасақталуда.