Жарнама
Құқық

Ауласында есірткі өсірген күдікті ұсталды

Атырау облысында полицейлер облыстық прокуратурамен бірге жүргізілген «Қарасора» жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз әрекетпен айналысқан күдіктіні қолға түсірді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 64 жастағы азамат өз үйінің ауласында 47 түп қарасора өсірген. Мұны сырт көзден жасыру мақсатында ауласын арнайы жабдықтағанық анықталды.

-Тінту жұмыстары барысында тәртіп сақшылары жалпы салмағы 8 келі 800 грамм болатын 47 қарасора түбін тәркіледі. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, «Қарасора – 2024» операциясы аясында облыста полицейлер 58 есірткіге қатысты қылмысты әшкерелеген.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button