Құқық
Атыраулықтарды үй алуда сақ болуға шақырды!
«QIYAL ATYRAU» тұрғын үй-құрылыс кооперативі әділет департаментінде тіркелгенімен, тұрғын үй кешенін салуды бастауға рұқсаты жоқ болып шықты.
Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының хабарламасында айтылған.
Сондықтан аталған басқарма мамандары тұрғындарды пәтер сатып алуда сақ болып, рұқсат қағаздарын мұқият тексеріп шығуға кеңес береді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ