АТЫРАУЛЫҚТАРДЫ 40 МЛН ТЕҢГЕГЕ АЛДАҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

whatsapp image 2022 08 18 at 162852 Құқық

Атыраулық тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, тұрғындардың бірі 400 мың теңгесін алаяқтар иемденіп алғаны жөнінде полицияға арызданған екен. Аталған қылмысқа күдікті 35 жастағы Қарағанды облысының тумасы анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несие алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған. Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды.

Аталған дерек бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «алаяқтық» бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Алматы қаласынан анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз