Жарнама
Құқық

АТЫРАУЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІГЕ 3 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Атыраулық полицейлер 3 млн теңгеге жуық 106 айыппұлы бар Грузия елінде тіркелген көлікті анықтады.

6 маусым күні сағат 12:00 Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері Грузия елінде тіркелген Toyota Highlander автокөлігінің төленбеген айыппұлы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне анықтама берген. Өз кезегінде қала көшелерінің бірінен Toyota Highlander автокөлігінің 1998ж.т., жүргізушісі тоқтатылып, аталған автокөліктің 2 млн 937 мың 417 теңге төленбеген 106 айыппұлы бар екені анықталды. Сондай-ақ, аталған автокөліктің сақтандыру жүйесінде де ақпараттары жоқ екендігі анықталды. Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабы 2 бөлігімен хаттама жасақталып, көлігі арнаулы тұраққа қойылды.
Көлік жүргізушісі аталған көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін жеткізді.

Атыраулық полицейлер, тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button