![Атыраулық полицейлердің қатысуымен отбасы құндылығы тақырыбында конференция өтті 1 whatsapp image 2021 11 19 at 07.38.31](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/whatsapp-image-2021-11-19-at-07.38.31.jpeg)
Атыраулық полицейлердің қатысуымен отбасы құндылығы тақырыбында конференция өтті
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу негіздері” тақырыбымен облыстық конференцияның пленарлы отырысы өтті.
Конференцияның мақсаты – қазіргі қазақ қоғамындағы отбасының жағымды имиджін, сондай-ақ отбасы институтын қалыптастыру, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.
![Атыраулық полицейлердің қатысуымен отбасы құндылығы тақырыбында конференция өтті 2 whatsapp image 2021 11 19 at 07.39.04](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/whatsapp-image-2021-11-19-at-07.39.04-1024x682.jpeg)
Аталған пленарлы отырыс барысында Атырау облысы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айтжанова Райса Зинелғабиденқызы “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудың түрлі бағыттары, агрессорлармен жұмыс” тақырыбында баяндама жасады.
![Атыраулық полицейлердің қатысуымен отбасы құндылығы тақырыбында конференция өтті 3 whatsapp image 2021 11 19 at 07.38.32](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/11/whatsapp-image-2021-11-19-at-07.38.32.jpeg)
Сонымен қатар Атырау облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Көшқалиева Орынгүл Жанғалиқызы “Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайы бойынша талдамалық жұмыстың нәтижелері” атты баяндамасын көпшілікке ұсынды.
Шара барысында Атырау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстарын нәтижелі жүзеге асырып келген Атырау ҚПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚт-ның инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Қ.Сарсенова, Құрманғазы АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Б.Р.Қараева, Махамбет АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Л.Қ.Қуанышбаева, Жылыой АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Р.Ж.Муханова, Атырау каласы ПБ ЖПҚ 1-қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы А.Н.Карлагашева, сондай-ақ Исатай АПБ бойынша ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы М.Е.Мағазова Атырау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.