Атырауда «Антикор» орталығы қайта іске қосылды

img 20220409 002646 797 870x400 1 Құқық

Атырауда Антикор орталығы қайта іске қосылды. Оған жүгінген тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін тез шеше алады.

  • – Пандемияға байланысты екі жыл бойы азаматтарды қабылдау мүмкіндігі болған жоқ, бүгін біз антикоррупциялық орталықтың қызметін жандандырудамыз. Орталық жұмысының негізгі мақсаты – азаматтарды қабылдау, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша өтініштерін жедел шешу, қандай мемлекеттік органға өтініш жазу керек, басқа да қандай рәсімдер бар, сол жөнінде кеңес береміз. Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Бүгін мұнда мемлекеттік органдар, прокуратура, сот өкілдері және заңгерлер қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, — дейді Атырау өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Досанов.

Келушілер өздерін толғандырған проблемаларын айтып, сұрақтарын қойды.

Мәселен, Руслан Әбілязизов сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының тіркелгені туралы білгісі келді. Ал, Виктор Боровиковты ауыл шаруашылығы техникасын басқару үшін жүргізуші куәлігін алу тәртібі қызықтырды.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов тұрғындарға бұл рәсімдер Мемлекеттік қызметтер тізбесіне кіретінін айтып, оларды ҚР заңнамасына сәйкес алу тәртібін түсіндірді.

Әнуар Күншығаров алған жер телімін игеруге әлі мүмкіндігі жоқ, жер телімін игеру мерзімін ұзартуға болатынын-болмайтынын білуге келді. Қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Аманжол Қаженбаевтың айтуынша, егер ішінара игерілсе және меншік иесі уәкілетті органға жер учаскесін беру туралы шарттың мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бұрын жүгіне алады. Бұл жағдайда игеру мерзімін бес жылға дейін ұзартуға болады. Қағидалар бойынша бұл мерзім үш жылды құрайды, ол игерілмеген жағдайда, бөлінген уақыт ішінде учаске мемлекетке қайтарылады.

Қала тұрғыны Нұрлан Тәжібаев «егер адам 15 жыл кезекте тұрса, бірақ алу алдында қайтыс болса, туыстарына жер алуға бола ма? «деп сұрады. А.Қаженбаев ҚР заңнамасына сәйкес, қайтыс болғаннан кейін кезекте тұрған адам кезектен шығарылатынын айтты.

Алма ТҰРҒАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз