Атыраулық полицейлер тұрғын үйден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады

c33cf605 afb0 4a2d 9545 37e7d1e31d28 Құқық

Атырау ҚПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта үйінің терезесін ығыстырып ашу арқылы, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені жөнінде хабарлама түсірген.
Атырау ҚПБ-ның №1 Қалалық Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа күдікті 1984 ж.т жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Тергеу барысында, жас жігіт үй иесінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымдары мен гауһар тасын ұрлап, жәбірленушіге 580 мың теңге залал келтіргені анықталды. Үй ұрысы ұрлаған алтын бұйымдарды Атырау қаласындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен тергеу жүргізілуде.

c31361b6 ec21 4c5e 8356 8fb314348038

Өз кезегінде тәртіп сақшылары Атырау қаласы тұрғындарына қырағы болуға және өз үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Үйлердің терезелерін темір торлармен бекітіп, есіктерге сенімді құлыптар қойып, сондай-ақ тұрғын үйлерге күзет дабылқаққышын орнату қажет. Пәтер ұрлығы болған жағдайда шұғыл 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу керек, бұл хабарламаңыз полиция қызметкерлеріне ұрлықтың ізін суытпай ашуға көмектеседі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз