Атыраулық полицейлер құрылысшыларды тонап кеткен қылмыстық топты ұстады

47497bf7 abdb 4af3 9bf3 bc1e4137b5ba Құқық

10 қазан күні сағат 03:30 шамасында белгісіз ұйымдасқан топ алдын-ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы Нұрсая мөлтек ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақша қаражаттары мен ұсақ-түйек заттарын ашық түрде жымқырып, белгісіз бағытқа бой тасалаған.

Келтірілген залал құны – 414 мың теңге.
Осыған ұқсас жағдай сағат сол күні 04:00 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы құрылыс ғимараттарының бірінде де орын алған. Қылмыстық топ құрылысшылардың бірнеше бағалы құрылғылары мен ұялы телефондарын тонап оқиға болған жерден бой тасалап кеткен. Келтірілген залал құны – 240000 теңге.

Тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, нәтижесінде заңсыз әрекеттерді жасап жүрген 4 күдіктіні анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, қазіргі күні 26-31 жас аралығындағы 4 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Айта кетейік, Атырау облысының аумағында ағымдағы жылдың 25-27 қазан аралығында Департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен пәтер ұрлықтарының алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Пәтер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз