Жарнама
Құқық

Атыраулық полицейлер құқықтану мамандығы студенттеріне практикалық дәріс өткізді

Кеше Атырау облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болат Көшқалиевтің бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің құқықтану мамандығы студенттеріне арнайы жедел-тергеу тобының қылмысты ашу тәжірибесі бойынша құқықтық дәріс өткізді.

Мақсаты — болашақ құқық қорғау саласының мамандарына жедел-тергеу тобының жұмысын таныстырып, қылмыс орын алған кезде полиция қызметкерлерінің қалай әрекет ететінін көрсету.

Оқиға желісі бойынша белгісіз азамат жолда тұрған автокөлік жүргізушісін тапаншамен қорқытып, қарақшылық әрекетін жүзеге асырады. Жәбірленуші уақыт өткізбей дереу 102 операторына хабарлама беріп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кинология орталығының қызметтік иті із алып, тергеуші жәбірленушінің арызын қабылдап, криминалистер оқиға орнынан айғақтар жинайды. Осылайша жәбірленушінің уақыт создырмай хабарлама беруінің нәтижесінде жедел-тергеу тобы аз уақыт ішінде қылмыскерді құрықтайды.

pd

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері жедел-тергеу тобына қатысты өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Атырау облысы ПД бастамасымен практикалық дәрістер өткізу алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 Айдарбек АҚАРЫС

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button