Жарнама
Құқық

Атыраулық оқушы кәріз құдығына түсіп кетті

Атырауда он жастағы бастауыш сынып оқушысы мектеп жанындағы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті.

Облыстық балалар ауруханасы оны 20 мамыр күні сағат 12:25-те жедел жәрдем жеткізгенін хабарлады. Оқушыны травматолог қарап, екі проекцияда бас сүйегін рентгенге түсіріп, жараларын таңды. «Оң жақ тізесінің жұмсақ тіндерінің соғылған жарақаты, басы мен миының контузиясы» деген дигноз қойылды.

Бала амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Кейін «Атырау облысы су арнасы» КМК баспасөз қызметі мынадай түсініктеме берді: «Геолог ауылындағы кәріз құдығын орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыс орны қоршалған, құдықтың өзі жабылған. Құдық сыртындағы қуысты көму ғана қалған еді. Жұмысшылар топырақтың жеткізілуін күтті. Қасынан өтіп бара жатқан балалар кенет қоршауға жүгірді. Тоқтаңдар деп айқайлағанға қайырылмады. Салдарынан олардың бірі құдық жанындағы қуысқа түсіп кеткен. Баланың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, тек денесін ауыртып алды».

azh.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button