Атыраулық 3 келіден астам қара уылдырықпен ұсталды

photo 5188631913512942646 x Құқық

34 жастағы атыраулық тұрғыннан үш келіден астам бекіретұқымдас балықтың уылдырығы тәркіленді.

Қара уылдырықты заңсыз жолмен тапқан тұрғын «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықталды. Оны Атырау қаласының полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қараөзек ауылынан ұстады.

Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №1 полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңға сәйкес жариялануға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

photo 5188631913512942645 y

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз