
Құқық
Атыраудағы төбелеске қатысты полиция хабарлама жасады
10 қаңтар күні «Floria» кафесінің жанында орын алған төбелеске қатысты облыстық полиция департаменті хабарлама жасады, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Төбелеске қатысты барлық қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген. Қазір қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», -делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Сурет: pexels.com