Құқық
Атырауда Жайық жағасынан әйел адамның денесі табылды
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 23 қазан күні сағат 08:04 шамасында Балықшы көпірі тұсындағы өзен жағасында
белгісіз адамның денесі жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.
Мүрденің 1968 ж.т., азаматша екендігі анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.