Жарнама
Құқық

АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ІШІМДІК ІШЕТІНДЕРДІ ҰСТАП ЖАТЫР

Полицейлер ішімдікке бейім тұлғалардың жиналуы мүмкін орындарды тексеруде.

Атырау қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті нығайту, алкогольдік ішімдікке бейім азаматтардың жиналу орындарында қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында, 2022 жылдың 16-22 мамыр күндері аралығында “Притон” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдікке бейім азаматтардың жиналу орындарын анықтау үшін, олардың жиналуы мүмкін деген иесіз қалған қалған жерлерді, жертөлелерді, шатырларды тексеріп шықты.

Сондай-ақ, іс-шараның бірінші күні қоғамдық орындарға мас күйде келген 20-дан астам тұлғаны, ұсақ бұзақылық жасаған 20-ға жуық тұлғаны, түнгі тыныштықты бұзған 5 тұлғаны және қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарының абаттандыру қағидаларын бұзған 5 тұлғаны анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кетейік, “Притон” жедел профилактикалық іс-шарасы 22 мамырға дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button