Жарнама
Құқық

Атырауда жыл басынан бері 20 мың данаға жуық заңсыз темекі тәркіленді

Атырау облысында заңсыз темекі өнімдерінің айналымына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, осы жылы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 19 779 дана акциздік маркасыз темекі өнімі анықталып, тәркіленген, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған деректер бойынша жинақталған материалдар сотқа жолданып, іс оң шешімін тапқан. Сол арқылы дүкен сөрелеріндегі заңсыз темекі өнімі жойылды.

-Заңсыз өнім айналымы салық түсімдерінің азаюына ғана емес, халықтың денсаулығына да қауіп төндіреді. Осыған байланысты акциздік маркасыз өнімдерді өткізуге және тұтынуға қатаң тыйым салынған, — деді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Бекболат Анесов.

Сондай-ақ мамандар тұрғындарды заңсыз өнім айналымын байқаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button