Атырауда жоғалған 87 жастағы әжей аман-есен табылды

whatsapp image 2021 10 01 at 20.32.47 Құқық

29 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында қала тұрғыны Атырау мөлтек ауданындағы аялдамалардың бірінде егде жастағы әжейдің ұзақ уақыт бойы қараусыз отырғаны туралы хабарлама берген.

Полиция қызметкерлері дереу аталған аялдамаға жетіп, салқын күні суықтап отырған кейуананы қызметтік көліктеріне отырғызып, әңгімелесу кезінде әжей соңғы уақытта басынан қандай оқиға өткені есінде жоқ екенін, өзінің есімін де, қай жерде тұратынын да білмейтінін айтады.

Тәртіп сақшылары дереу жақын маңда орналасқан тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерін аралап әжейдің үйін тауып, аман-есен отбасына жеткізді.

Дер кезінде үйіне жеткеніне қуанған әжейдің балалары өз күштерімен іздегенмен еш нәтиже болмағанын, полиция қызметкерінің қырағылықтарына,
атап айтқанда полиция майоры Дастан Сағынбаев және полиция капитаны Ақылбек Жиенғалиевқа ерекше алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері қарт ата-аналарды, балаларды қараусыз қалдырмауды, жеке өзін ешқайда шығармауды ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз