Атырауда «Жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар байқауы өтті

520d5560 6da6 4940 b675 8ab41da91be4 Құқық

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, «Жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар байқауын ұйымдастырды.


Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін жастардың қатысуымен айқындау. Сондай-ақ, аталған бағытта жастардың көз-қарасын білу.
Байқау барысында жоба идеясының тиімділігіне, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығына назар аударылды.
Шара нәтижесінде оқушылар жүлделі орындармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлдені Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектеп оқушысы Жұмабекова Айару, 1 орын Индер ауданы, «Көктем» орма мектебінің оқушысы Табылды Нұрай және Исатай ауданы, «Өркен» орта мектебінің оқушысы Махметова Айшагүл иеленсе, 2 орын Жылыой ауданы, №5 Абай атындағы орта мектептің оқушысы Асан Асылжан, Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебінің оқушысы Асланова Наргиза және Махамбет ауданы, Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің оқушысы Теміржанова Мадина ұтып алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз