Жарнама
Құқық

Атырауда жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот үкімі шықты 

Кісі өліміне кінәлі азаматқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгін, 19 желтоқсан күні Атырау қалалық №2 сотта 56 жастағы Амандық Сағынғалиевтің өліміне қатысты іске нүкте қойылды. Марқұм «Дина» базарындағы қойманың алдында аяусыз соққыға жығылғаннан кейін көз жұмған болатын. Биыл 5 маусымда болған жантүршігерлік қылмыс бейнебақылау камреасына түсіп қалған еді. Ол лезде әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің жағасын ұстатты. Сөйтіп, бұл іс қоғам ішінде үлкен резонанс тудырды. 

Бүгін судья Зәуре Қазақбай сот үкімін оқып шықты. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққаны үшін) бойынша кінәлі деп танылған сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, марқұм Амандық Сағынғалиев Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан қаланың ірі сауда орнына келіп, «ГАЗель» көлігін тұраққа қойып жатқанда байқаусызда «Mercedes-Benz» көлігінің есігін жырып кеткен болатын. Мұын көрген шетелдік көлік иесі Мұхтар Ахмедов оны соққыға жыққан. Оны сұмдық оқиға куәгерлерінің бірде-бірі тоқтатуға тырыспаған. Есінен танып қалған азамат ауруханаға жеткізіліп, бес күннен кейін алған жарақатынан көз жұмған. Сот-медициналық сараптама қорытындысында марқұмның жабық бас-ми жарақытынан, бас сүйегінің сынығынан және миға қан құйылуы салдарынан қайтыс болғаны көрсетілген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button