ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

оған қандай міндеттер жүктеледі? 

Жергілікті полиция қызметінің құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері, қабылдаушы-бөлушілер және арнайы қабылдаушылар кіреді. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрамында қалатын, ал оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірыңғай құқықтық мәртебесіне ие болатын жүйенің бірлігі сақталынады. Материалдық қамсыздандырылу, жеңілдіктер мен әлеуметтік-құқықтық кепілдіктері туралы да осыны айтуға болады.

Жаңа құрылымның басты ерекшелігі – халыққа есеп беретіндігінде. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, ерекше тоқталар жаңалықтың бірі жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындауға кандидатты Ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісімін береді. Жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастық алдында есеп беретіндігі көрсетілген.

Жергілікті полиция қызметіне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін қорғау және тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттер жүктелгелі отыр. Үлкен істі ұйымдастырушылар бұл бағытта учаскелік инспекторлардың қызметіне айрықша мән берілгендігін айтады. Ал, тұтастай алғанда, оның  жергілікті атқарушы орынға есеп беретіндігі және қоғамдық кеңестердің қызметі полиция қызметі жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететіндігі тұрғындардың аталған құрылымға сенімділігін арттырады деген үміт бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз