Жарнама
Құқық

Атырауда жалған ақпарат таратуға байланысты 2 қылмыстық іс тіркелді

Құқық қорғау органдары терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратуға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері осы бағытта 2 қылмыстық іс тіркелді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр өңірде 11 жалған ақпарат дерегі анықталды, олардың ішінде 2 іс бойынша тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталды. Соның нәтижесінде бұл істердің бірі бойынша бір азаматтың ата-анасына қатысты белгіленген заңдылыққа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударудың маңыздылығын ескертеді.

–Құқық қорғау органдары тарапынан профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Дегенмен әрбір адам өз отбасында тәрбиелік шараларды күшейтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға үлес қосуы тиіс, — дейді мамандар.

Ересек адамдар таратқан жалған ақпарат қоғамға айтарлықтай зиян келтірмесе, әкімшілік жаза қолданылады. Мұндай жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе құқықбұзушылық қайталанған жағдайда 10 тәулікке дейін қамауға алу мүмкін.

Ал егер жалған ақпараттың салдары ауыр болса, қылмыстық жаза қарастырылады. Бұл жағдайда 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы тағайындалады.

Құқық қорғаушылар жалған ақпарат тарату қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін болғандықтан заң бойынша мұндай әрекеттерге қатаң жаза қолданылатынын ескертеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button