Жарнама
Құқық

Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде “Полиция — балалардың қорғаны” республикалық акциясы аясында ашық есік күні өтті. Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Келушілер әскери бөлімнің күнделікті қызметімен, материалдық-техникалық базасымен танысты. Жас қонақтарға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері көрсетіліп, бөлім аумағында экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әскери оркестр арнайы дайындалған концерттік бағдарламасын ұсынды. Әскери марштар мен патриоттық әндерден құралған бұл концерт қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Әділ Құнанбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен әскери қызметке деген құрмет сезімін қалыптастыру.

— Біздің мақсатымыз – жас ұрпаққа әскери қызметтің абыройлы екенін ұғындыру. Мұндай кездесулер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және әскери борышқа ынталандыруға ықпал етеді, — деді майор Ә.Құнанбаев.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, осындай ашық есік күндері алдағы уақытта да жалғасын табады. Шара балалар мен жастар үшін әскери өмірмен жақын танысып, болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін маңызды алаң ретінде бағаланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button