Жарнама
Құқық

Атырауда сұйытылған газды қымбаттатқандар айыппұл арқалады

Атырау облысында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-ның тарифік сметаны орындауда бұзушылықтар анықтады. Сөйтіп, тарифі төмендетіліп айыппұл салынды, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2023 жылға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерді талдау қорытындылары бойынша, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-мен уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметада бекітілген тарифтік смета шығындары баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 % астамын орындамауы анықталды. Бұл туралы біз облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінен білдік. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Алайда, жоғарыда көрсетілген талапты бұза отырып, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2023 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындылары бойынша, бекітілген тарифтік смета шығындары баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5% астамын орындамауы негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 189,91 мың теңге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескері отырып жалпы сомасы 218,88 мың теңге анықталды.

2023 жылдың тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, 2025 жылдың 1 сәуірі және 2026 жылдың 31 наурызы аралығында қолданысқа енгізе отырып «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрам өтуі үшін кірме жолды беру реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифі 7,79 теңге/вагон-км ҚҚС-н есепке алмағанда мөлшерінде бекітілді (бұрын қолданыстағы тариф 16,9 теңге/вагон-км ҚҚС-сыз мөлшерінде болған, тариф 53,91% төмендетілді).

Сонымен қатар, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 1 258 240 теңге сомасына айыппұлдар салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте, әкімшілік іс бойынша салынған айыппұлды субъект қысқартылған өндірісте көрсетілген соманың 50% мөлшерінде жеті тәулік ішінде төледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button