АТЫРАУДА СӘБИІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРГЕН ӘЙЕЛ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛДЫ

a8593c5a d29a 4e73 bca5 fa97e806261e Құқық

Атырауда төрт айлық сәбиін 38 рет пышақтап өлтірген келіншек қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Күдікті тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында болып, бірнеше ай психиатриялық диспансерде емделеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Келіншектің психикалық ауытқуы бар екені нақтыланған. Сот төрағасы мұндай жантүршігерлік жағдайға тек есі дұрыс емес адам ғана барады деген шешім шығарды.

“Есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Армангүл Юсупова Бахиеваға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда емдеу тағайындалсын. Бахиева аталған емдеу мекемесіне жіберілсін. Оның денсаулығын қадағалау мекеменің бас дәрігеріне жүктелсін”, – деп шешім шығарды Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Зарема Хамидулина.

Баласын пышақтап тастаған келіншектің күйеуі әйелінен психикалық ауытқулар байқағанын мәлімдеген. Тіпті сәбиі жылаған кезде әйелінің көзіне елес көрінетінін баяндап берді. Шешуші сот отырысына да баласын пышақтаған келіншек қатыса алмады. Өйткені 42 жастағы әйел қазір психиатриялық диспансерде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас осы күнге дейін баласын мүлдем іздемеген.

Сәуір айында Көптоғай ауылының тұрғыны төрт айлық сәбиін үйінде пышақтап өлтірген. Ол жолдасы аудан орталығына кеткенде осындай қылмысқа барыпты. Шақалақтың шыңғырған дауысын көршісі естіп, полиция шақырған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз