Жарнама
Құқық

Атырауда құрылысқа бөлінген 467 млн теңге жымқырылған

ҚМА Атырау облысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады.

«Әлеуметтік нысандар, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 миллион теңге. ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, серіктекстіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Құжаттар сотқа жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button