Жарнама
ҚұқықАуыл шаруашылығы

Атырауда қараусыз жүрген мал иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды

Облыста 2023 жылдың 9 айында көшеде иесіз жүрген малдың иелеріне полиция қызметкерлерімен 105 әкімшілік хаттама толтырылған, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атыраулық полицейлер үй жануарларын иесіз жаю жағдайларына жол бермеу бойынша халықпен үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бірнеше дерек тіркелді.

– Мәселен, Атырау қаласында 7 желтоқсан күні сағат 13:30 шамасында Жаңаталап ауылында ірі қара малды қараусыз жіберген 1974 ж.т. тұрғын анықталды. Сонымен қатар, сағат 14:30 шамасында Қызыл Балық ауылында қорадағы сиырын иесіз жібергені үшін 1958 ж.т. тұрғынға қатысты тиісті заңдылықтарға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік xаттама жасақталып, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, — дейді М.Ердәулет.

Атыраулық полицейлер тұрғындарға малын қараусыз қалдырмауды, әсіресе автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін атап айтып, қараусыз жайылып жүрген мал ірі жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін екендігін де қатаң ескертеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button